Жарияланған күні: 23.07.2025
Көлік қағып кеткен велосипедшінің жағдайы мүшкіл
Шілденің 20-сы күні Уәлиханов ауданының орталығында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан велосипедші жүргізуші көлігімен қағып кетті. Теміртұлпарды тізгіндеген сол ауданның 20 жастағы тұрғыны болып шықты.
Оқиға шамамен кешкі ондар шамасында орын алды. Жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған велосипедшіні ВАЗ 32110 көлігінің жүргізушісі қағып кетті. Салдарынан зардап шеккен азамат ауыр бас ми жарақын алды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр болып отыр.
— Велосипедшінің жасы 49-да. Науқастың жағдайы мүшкіл. Ол әзірге ауыр халде ес-түссіз жатыр. Аталған факті бойынша полицейлер тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, — делінген ПД хабарламасында.
Аққайың ауданында есірткі таратқан