Жарияланған күні: 25.07.2025
Мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға әуес
Солтүстік Қазақстан облысында бес мемлекеттік қызметшінің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысқаны анықталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мұндай әрекеттері заң бұзушылық болып саналады. Оларды атқарып отырған лауазымынан босатуға негіз болады.
Қазіргі таңда облыста аудандық деңгейдегі үш қызметкер лауазымынан босатылды. Ал екі ауылдық округ әкіміне қатысты шара қолдану жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті аудан әкіміне ұсыныс енгізді.
Бұған дейін Ақжар аудандық әкімдігінің мамандары «1XBET» букмекерлік кеңсесінде бәс тіккендері туралы жазған болатынбыз.
Петропавлда құрылыс нысандары тексерілді

