Жарияланған күні: 25.07.2025
Тимирязев ауданында экологиялық акция өтті
Тимирязев ауданында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған «AMANAT» партиясының мүшелері, жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл ел» жасағы қатысты. Аудан орталығында түрлі гүлдер отырғызылып, аймақты көгалдандыруға күш салынды.
Туған өлкені таза ұстау және көркейту бүгінде ауыл тұрғындары арасында қалыпты үрдіске айналған. Бұл жолы да белсенді азаматтар бірігіп, аудан орталығын тазалап, гүлдер отырғызып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
— Тазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Мұндай шаралар ауылымыздың көркін ғана емес, тұрғындар арасындағы бірлікті де күшейтеді, әрі туған жерге деген махаббат пен жауапкершілікті арттырады. Бүгін әдемі гүлдер отырғызылды. Барлық қатысушыларға алғысымды айтамын. Бұл іс біздің елдің жарқын болашағына қосылған үлкен үлесіміз деп есептеймін,- деді «AMANAT» партиясының Тимирязев аудандық филиалының атқарушы хатшысы Раушан Тлеуіп.

