Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Blockchain» технологиясы мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын арттырады

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы серіктес банктермен бірлесіп «Blockchain» технологиясы арқылы заңды тұлғалардың жылжымайтын мүліккепіліне тіркеу сервисін іске қосты.

Бұл сервис Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясындағы жобалардың жалғасы.

Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, онлайн рәсімдеу арқылы несие беруді жеңілдету сынды банк саласындағы «Blockchain» технологиясының мүмкіндіктерінің арқасында мәмілелерді тіркеуге жұмсалатын уақыт бірнеше есе қысқарады. Нәтижесінде, құжат жинау қажеттілігі мен қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің бетпе-бет кездесу талабының жойылуының арқасында кепілді тіркеу мерзімі 3 күннен 1 сағатқа қысқарады.

ЖалпыМемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ынтымақтастық аясында жеке тұлғаларға кепіл түріндегі ауыртпалықтарды тіркеу және оны тоқтату, әлеуметтік әлсіз топтарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдау шартын жасау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және беру шарттарын рәсімдеу секілді қызметтер көрсетіледі.

2024 жылы «Blockchain» технологиясы арқылы қарыз шарты бойынша талап ету құқығын беру, шарт талаптарының өзгеруіне байланысты ауыртпалықтарды өзгерту, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды кепілге қою шартын тіркеу қызметтері де іске қосылды.

Бүгінгі күнге дейін «Blockchain» технологиясы арқылы 360 мыңнан астам өтінім қарастырылды. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты, яғни 87,8 мың операциядан 131,7 мыңға дейін өсті.

Облыста 100-ден астам қоқыс үйіндісі жойылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *