Петропавлда 4 көпқабатты баспана халық игілігіне беріледі
Жыл соңына дейін облыс орталығында үй кезегінде тұрғындар баспаналы болуға мүмкіндіктері бар. Бұл туралы қала әкімдігі және «Отбасы банк» өткізген пресс-тур аясында белгілі болды. Ақпаратқа сәйкес, Петропавлда 4 көпқабатты үй халық игілігіне беріледі.

«Отбасы банк» облыстық филиалының ақпараты бойынша мамырдың 24-нен 18 жасқа толған, өз үйі жоқ жерлестеріміз баспана кезегіне тұра алады. Енді қазақстандықтар «orken.otbasy.bank.kz» ақпараттық жүйесі арқылы үйде отырып-ақ кезекке тіркелуге мүмкіндіктері пайда болды. .
Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұруға өтінім берген кезде жүйе үміткердің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Азаматтарды есепке қою бір күн ішінде жүзеге асырылады. Тілшілер қауымы жақын күндері қолданысқа берілетін көппәтерлі баспананың жағдайымен танысты. Бір шаршы метрдің құны 180 мың теңге тұрады. Айта кету керек, жыл соңына дейін осындай тағы үш көппәтерлі үй пайдалануға беріледі.
Халық игілігіне биыл берілетін пәтерлердің 70 пайызы әлеуметтік осаш топтағы тұрғындар қоныстанады. Оның 20 пайызы жетім балаларға арналған. Жақын күндері М.Жұмабаев көшесі, 282 мекенжайындағы 126 пәтерлік үйге өтініш қабылдай басталады екен. Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің «Отбасы банкінде» депозиті болуға тиіс. Көппәтерлі баспанадағы бір бөлмелі үйдің бағасы 7 млн 200 мың теңгеден басталады. Тұрғындар соның 10 пайызын, яғни, 720 мың теңгесін жинаса жеткілікті.

