Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Петропавл жылу желілері» ЖШС мемлекет меншігіне беріледі

«Севказэнерго» АҚ-ға қарасты «Петропавл жылу желілері» серіктестігі мемлекет меншігіне берілуі мүмкін. Негізгі мақсат — қаланың жылумен жабдықтау жүйелерін басқаруды біріктіру. Бұл қадам жүйені толық жаңғыртуға, энергияны үнемдеуге және жүйенің үздіксіз, тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазір Петропавлдағы жылу желілерінің тозу деңгейі 70% асады.

Нәтижесінде «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға және тұтынушылар үшін тарифтердің айтарлықтай өсуін тежеу мүмкін болмақ.

— Ұлттық жобаға қатысу және басқаруды біріктіру мемлекет тарапынан жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға қаржы тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қазіргідей апаттарды жоюдан гөрі жүйелі жаңарту жүргізуге және тарифтік жүктемені азайтуға жағдай жасайды. Жарық пен жылудың үзіліссіз берілуі, тұрғындар мен кәсіпорындарға тұрақты әрі сапалы қызмет көрсету. Әрі тарифтердің тұрақтылығын және экономикалық негізділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың күрт өсуінің алдын алуға бағытталған, — дейді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Жұманов.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда болуы керек

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *