Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл базарларында отшашуларды сататындар тексеріліп жатыр

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехниканы сататындардың өнімі бақылауға алына бастайтыны белгілі. Бүгіндері СҚО ТЖД мамандары мен полицейлер қаланың сауда орталықтарында рейдтерін ұйымдастыра бастады. Ел көлемінде жедел алдын алу шарасы «Пиротехника» деген атаумен өтуде. Ол қаңтардың 3-не дейін жалғаспақ.

Рейд барысында тәртіп сақшылары адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті түсіндіруде, сатушылар мен сатып алушыларды ережелермен таныстыруда. Полицейлер тұрғындарға келесі ережелерді ұстануды ескертеді:

пиротехниканы тек рұқсат етілген сауда орындарынан алу;

нұсқаулықты мұқият оқу;

өнімді үй-жайдан тыс жерде пайдалануға;

балаларды жақын бақылауда ұстау.

— Пиротехниканы заңсыз сақтап немесе сатқан жағдайда 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады, — деді СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Ерболат Қабыров.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *