Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда іздестірілген 79 бала табылған

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жағдайда ерлі-зайыпты жанжалдасып, әйелі екі жас баласын алып, үйден кетіп қалған. Күйеуі полицияға хабарлауға мәжбүр болған. Тексеру барысында әйелдің облыс аудандарының біріне кеткені анықталды. Қазір бұл отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тобының бақылауына алынды. 

Тағы бір шақырту 16 жастағы қызға қатысты болды. Ол анасымен ренжісіп, ескертпестен құрбысының үйіне түнеуге кеткен.  Енді бір жағдайда 6-сынып оқушысы анасынан сұранып, досының үйінде қонуға қалған. Әкесі баланың анасынан рұқсат сұрағанын білмей, полицияға жүгінген. Ата-анасы ауысыммен жұмыс істейді.

Около 80 детей и подростков разыскали в Петропавловске

Ал Петропавл тұрғыны қоғамдық көлік аялдамасында жалғыз жүрген жасөспірімді байқап, «102»-ге хабарлаған. Полицейлер баланы қалалық полиция басқармасына жеткізді. Ол түнде туысының үйінде қонуға рұқсат алғанын, бірақ достарымен қыдырып, ойын-сауық орталығында болып, соңғы автобусқа үлгермей қалғанын айтты. Телефоны үйде қалып қойған. Таңертең полицейлер оны анасына тапсырып, әкімшілік заңнамаға сәйкес ескерту берді.

– 11 айда Петропавлда полицейлер кәмелетке толмаған 79 баланың жоғалуына байланысты іздестіру іс-шараларын жүргізді. Әр осындай жағдайда барлық қызметтер – ювеналды және патрульдік полицейлер, криминалдық полицияның жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар тартылады, оларды жедел басқару орталығының қызметкерлері үйлестіреді. Сол себепті ата-аналардан балаларының бос уақытын және жүрген жерін бақылауда ұстауды, олардың әрдайым байланыс құралдары болуын қадағалауды сұраймыз. Ең бастысы – қараусыз қалдырмаңыздар. Бұл – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың негізгі себебі, — деді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *