Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Петропавлда жасалған» ойыншықтар шетелде сұраныста

Әлеуметтік желілерде түрлі трендтерге куә болып жатамыз. Солардың ішінде балалардың да, ересектердің де назарын өзіне аударған антистресс ойыншықтарының түрлері қаншама. Көпшілігі экранның ар жағында отырып, оларды өз қолымен ұстап көргісі келеді. Дәл осындай танымал антистресс ойыншықтарды өңірімізде де жасайды екен. Ең қызығы, Қызылжар Креатив Орталығының креаторы Алексей Захаров сол трендтегі ойыншықтарды 3D принтер арқылы шығарады екен. 

Алексей Захаров 3D модельдеу арқылы болашақ бұйымның көлемін, пішінін және барлық ұсақ бөлшектерін арнайы бағдарламада жасайды екен. Модель толық дайын болған соң, оны басып шығару кезеңі басталады. Алексей жұмыста Bambu Lab 3D принтерін қолданады — жылдамдығы жоғары, көптүсті басып шығаратын заманауи құрылғы.

— Ойыншықты жасау қиын емес. Ең бастысы дұрыс бағдарлама құрып, оның қорытындысын көру. Заманауи технологиялардың арқасында кез келген затты арнайы принтерде басып шығаруға болады, «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» орталығының маманы. 

Алексей Захаровтың жұмыстары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал болып үлгерді. Австралия, Корея, АҚШ сынды елдерден тапсырыстар қабылдап, өз қолтаңбасын қалыптастырып келеді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *