Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда 2,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

«AMANAT» партиясының Жол картасын мониторингтеу штабы отырысында 2025 жылдың алғашқы 11 айында сайлауалды бағдарламаның орындалу қорытындылары жарияланды. Негізгі көрсеткіштер туралы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Марлен Сандыбеков баяндады.


Әкім орынбасарының айтуынша, қалада Жол картасында белгіленген мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Оның ішінде жұмыспен қамтуды арттыру, бизнесті қолдау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағыттары бар. Жұмыс орындарын құру, инвестиция тарту және әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша айтарлықтай нәтижелер көрсетілді.

Сандыбековтің мәліметінше, 2025 жылға арналған міндеттердің басым бөлігі қазірдің өзінде орындалған. Мәселен, жыл басынан бері қалада 2 663 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл жоспардың 99,3 пайызына тең. Халықтың әр 10 мыңына шаққандағы жаңа жұмыс орындары жоспары 2 557 болса, 1 желтоқсанға дейін 2 435 тұрақты жұмыс орны құрылып, 95,2 пайыздық көрсеткішке жетті.


— Қазіргі уақытта жалпы құны 25,5 млрд теңгені құрайтын алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл шамамен 420 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіби оқыту бағдарламасына 60 адам қатысып жатыр. Бизнес-бастамаларды қолдау бағытында 58,5 млн теңгенің 40 гранты мақұлданды. «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында 210 жас жұмыспен қамтылды – бұл жылдық жоспардың 90,1 пайызы. Ал ерекше қажеттіліктері бар 175 азамат жұмысқа орналастырылды, жоспар 107 адам болатын, – деді қала әкімінің орынбасары.


Бұдан бөлек, биыл Петропавлда 154,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның ішінде 11 көпқабатты үй және 57,6 мың шаршы метр жеке құрылыс бар. Сонымен қатар, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккендерге «Бірлік» шағын ауданында 698 жер телімі берілгені атап өтілді.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар қалалық мәслихат депутаттарының 2025 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебін де қарады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *