Жарияланған күні: 10.12.2025
Петропавлда көктайғақтан жарақат алғандар жетерлік
Петропавлда ауа райы температурасы төмендеп, қала көшелерінде жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын мұз басып, аяқ жүргісіз қалыпқа айналды. Қатты көктайғақ облыс орталығында жарақаттанудың күрт артуына себеп болды.
СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7 желтоқсан, жексенбі күні көпбейінді жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының жарақат бөліміне 106 адам жүгінген.
Қала тұрғындары тайғақтан көшелерде құлап, түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Олардың басым бөлігі сүйек сынуы, соғылу, байламдардың зақымдануы және буынның шығуымен түскен.

