Қала әкімі халықпен кездеседі
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің халықпен есеп беру кездесуі өтеді. Мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларымен «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шаралар С. Мұқанов атындағы кітапхана ғимаратында ұйымдастырылады.
17 желтоқсан күні сағат 10:00-де облыс орталығының әкімі «Ашық есік күнін» өткізеді. Ұсыныстар мен ескертулер өтініш білдірушілердің тегі, аты, әкесінің аты, үй мекенжайы және байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілген жағдайда ғана қаралады.
19 желтоқсан күні сағат 10:00-де қала әкімі Серік Мұхамедиевтің халықпен кездесуі өтеді.
«Кездесуге қатысқысы келетін барлық азаматтарға Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қатысу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, ұсыныстар мен сұрақтарды, пікірлерді биылғы жылдың 17–19 ақпаны аралығында арнайы құрылған “Отчетные встречи 2025” Telegram-бот қосымшасы ( https://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022_bot ) арқылы қалдыруға болады. Сондай-ақ, кездесу өтетін күні онлайн трансляция (сағат 10:00-ден 12:30-ға дейін) келесі арналар жұмыс істейтін болады: “Ikomek” жедел әрекет ету орталығындағы арнайы анықтама қызметі (телефон 109), 8 778 566 14 04 нөмірі бойынша WhatsApp және “Отчетные встречи 2025” Telegram-боты арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады», – деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

