Жарияланған күні: 10.12.2025
Сенбі күні Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қыс уақытында да Петропавлда дәстүрлі ауыл шаруашвлығы жәрмеңкелері өтеді. Осы жолы сауда-саттық сенбі күні сағат 8:30 басталады. Өтетін орны — қаланың базарлары.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, жәрмеңке желтоқсанның 13-і күні өтеді. Шара таңғы 8:30-дан 12:30-ға дейін жалғасады. Сөрелерге тек сапалы өнімдер қойылады, ең бастысы — делдалсыз.
Жәрмеңке «Алтын Арман», «Қызылжар-Ақбастау», «Дәрия» базарларында өтеді. Шараға арнайы Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев, Есіл, Жамбыл, Уәлиханов және Мамлют аудандарының тауар өндірушілері қатысады. Өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен.

