Петропавлдағы АХАТ бөлімі енді жаңа мекенжайда орналасады
Петропавлда АХАТ бөлімі жаңа мекенжайға көшіріледі. Бұл туралы ақпаратты ХҚКО баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап Петропавл қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) тұрғындарды М.Жұмабаев көшесі, 105 мекенжайы бойынша қабылдайтынын хабарлайды.
АХАТ бөлімі көрсетілетін қызметті алушыларды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08: 00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылдайды. Сенбі, жексенбі-демалыс.
Бұған дейін қала тұрғындары үшін қызметтер Қазақстан Конституциясы көшесі, 72 мекенжайында орналасқан ғимаратта ұсынылған болатын.

