Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жүкті әйелдердің МӘМС жүйесіндегі статусы қай уақытта сақталады?

Жүктілік – әйел адамы үшін маңызды кезең. Бұл уақытта дәрігерлердің бақылауы аса лқажет. Көптің қуанышына орай, елімізде жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіреді. Десе де, кейбір болашақ аналар бұл санатқа кірмеуі ықтимал. Қай уақытта сақтандырылған статусы беріледі? Осы және өзге сұрақтарды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жауап беруге тырысты.

«Мен жүкті әйелмін және ресми түрде жұмыс істеймін. Маған жарна төлеу керек пе?» — бұл сұрақты Қор қызметкерлеріне жиі қоятыны белгілі. Оның жауабы келесі болып отыр:

«Егер сіз ресми түрде жұмыс істесеңіз, МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды жұмыс беруші төлейді. Ай сайын еңбекақыңыздан 2% мөлшерінде жарна ұсталады. Ал, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 3% аударым жасайды. Жүктілік бойынша демалысқа шыққанға дейін бұл міндеттемелер толықтай жұмыс беруші тарапынан сақталады».

Жүкті әйел еш жерде жұмыс істемесе, жеке кәсіпкерлігі де жоқ болса, сақтандырулы статусы қалай беріледі?

«Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер – мемлекет жарна төлейтін жеңілдік санатына жатады. Ол үшін өзіңіз тіркелген емханаға барып, жүктілік бойынша есепке тұру қажет. Деректер жүйеге енгізілгеннен кейін әйелге «сақтандырылған» мәртебесі беріледі. Яғни, жарнаны өзіңіз төлеудің қажеті жоқ».

Айта кету керек, жеңілдік санатына жұмыс істемейтін жүкті әйел ғана кіреді. Яғни, жүктілік бойынша есепте тұрған, ресми жұмыс істемейтін әрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген әйел. Егер, сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз және қызметіңіз ресми тоқтатылмаса, МӘМС-ке жеке кәсіпкер ретінде жарна төлеуіңіз қажет (2025 жылғы төлем мөлшері – 5 950 теңге).

Жеке кәсіпкерліктің табысы болмауына байланысты «нөлдік» есепті тапсыра бересіз. Бірақ, төлем жүргізу тоқтамайды. Жеңілдік санатына ену үшін жеке кәсіпкерліктің қызметін ресми түрде тоқтату қажет.

Егер ресми жұмыс істемей, бірақ жүкті бола тұра жеңілдік мәртебесінен шығып қалса, сонда ше?

«Жүйеде міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар пайда болған жағдайда жеңілдік мәртебесі алынып тасталуы мүмкін. Бұл – әйелдің табыс алып, «жұмыс істемейтін» санатына сәйкес келмейтінін білдіреді.
Мұндай жағдай көбіне жүкті әйелдердің жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, аударымдар жасауы салдарынан орын алады. Мәртебені қалпына келтіру үшін жеке кәсіпкерліктің қызметін ресми тоқтату қажет».

Бұған қоса, жүкті әйелге МӘМС бойынша сақтандыру қажет. Бұл санаттағы әйелдер МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы тиіс Себебі, жүктілік пен босануға қатысты медициналық көмектің басым бөлігі МӘМС аясында көрсетіледі.

Жұмыс істейтін әйелдер – жұмыс берушінің аударымдары есебінен, жеке кәсіпкерлер – өз жарналары есебінен, ал жұмыс істемейтіндер – мемлекет есебінен сақтандырылады.

Бұдан туындайтын сұрақ, «жүкті әйел қашан және қай жерде есепке тұруы керек?»

«Әйел тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханада есепке алынады. Егер бұрын басқа емханада қызмет алған болса, қоныс аударуына байланысты жақын аймақтағы емханаға тіркелуі қажет. Жүктілік бойынша медициналық есепке 12 аптаға дейін тұрған жөн».

Жүкті әйелді есепке алу үшін әйел тіркелген емхананың акушер-гинекологына жүгінеді. Қабылдау МӘМС аясында жүргізіледі және сақтандырылған мәртебесін талап ететініне құқылы.

Егер әйел сақтандырылмаған болса, дәрігер жалпы практика немесе акушер қабылдауына жүгінуіне болады. Өйткені, бұл қызметтер ТМККК шеңберінде көрсетіледі.

Есепке тұрғаннан кейін және табыс болмаған жағдайда жүкті әйел жеңілдік санаты бойынша сақтандырылған мәртебесіне ие болады.

Есепке тұрғаннан кейін әйелдің жағдайы тұрақты бақылауға алынады. Жүктілік кезеңіне сәйкес зертханалық талдаулар, үш кезеңді перинаталдық скрининг аясында УДЗ зерттеулері, қажет болған жағдайда бейінді мамандардың кеңесі жүргізіледі.

Сонымен қатар, әйел денсаулық жағдайына байланысты тәуліктік немесе күндізгі стационарға жолданады. Барлық қызметтер ТМККК және МӘМС аясында көрсетіледі.

«Ана мен бала денсаулығы – денсаулық сақтау жүйесінің ерекше бақылауында. Сол себепті жүктілікті уақытылы есепке қойып, әр триместрде белгіленген тексерулерден өту маңызды. Бұл ана мен баланың денсаулығын қорғауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі», – деп қорытындылады ӘМСҚ өкілі Забира Оразалиева.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *