Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда дзюдо аренасы тұрғызылады

Петропавлда швейцариялық «Harvest Group SA» компаниясы келді. Инвестор Солтүстік Қазақстан облысында агроиндустриялық кластерді іске қоспақ.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Harvest Agro Holding компаниясының негізін қалаушы Алмаз Әлсеновпен  ресми кездесу өткізді. Компания швейцариялық Harvest Group SA корпорациясының құрамына кіреді. Кездесу барысында стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оның аясында Harvest Agro Holding біздің облыста агроиндустриялық кластер құратын болады.

Жобаның алғашқы кезеңінде 10 мың гектар жерді игеру жоспарланған, кейінге кезеңдерде аумақ 50 мың гектарға дейін кеңейтіледі. Компанияның инвестициялары заманауи агроиндустриялық қуаттарды дамытуға, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға және өңірдің дамуына бағытталмақ.

Сонымен қатар, ынтымақтастық аясында дзюдомен айналысуға арналған халықаралық стандарттарға сай келетін екі көпфункционалды спорт орталығын салу туралы Меморандумға қол қойылды. Нысандардың бірінде қонақ үй кешені қарастырылған. Жоба инвестор есебінен жүзеге асырылатын болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *