Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жылу және электр энергиясының үзілуі жиі тіркеліп жүр

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуынша, жылыту маусымы басталғалы бері аймақта 87 өрт тіркелген. Материалдық шығын 22 миллион теңгеден асты. Өрттің жартысына жуығы электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан, шамамен төрттен бірі пешті дұрыс пайдаланбаудан туындаған.
Қазіргі уақытта өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарының 5 781 үйі есепте тұр, оларда 2 400-ден астам иісті газ және түтін датчиктері орнатылған.
Петропавл қаласында жылу мен электр энергиясының үзілуі мәселесі арнайы жиында жан-жақты қаралды. Бұл түйткіл әсіресе «Жас Өркен» шағын ауданында өткір болып отыр. Қазіргі таңда аталған аумақта жарық жиі сөнеді.
«Жас өркен» шағын ауданында электр энергиясы үнемі өшіріледі. Соның салдарынан лифтілер тоқтап, сумен жабдықтауда іркілістер туындайды. Сонымен қатар, үйлер газбен қамтылмаған, сондықтан мұндай сәттерде тұрғындар тамақ дайындау мүмкіндігінен айырылады. Бұл мәселе біздің бақылауымызда, — деп атап өтті партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерлан Алпысов.
Жиын қорытындысы бойынша партиялық бақылау комиссиясы тиісті басқармалар мен әкімдіктерге ұсыныстар енгізді. Жауапты органдарға қабылданған шаралардың орындалуы туралы ақпаратты 2026 жылдың 20 қаңтарына дейін ұсынуға уақыт берілді. Олардың жүзеге асырылуын бақылау, соның ішінде «Жас өркен» шағын ауданындағы жағдай партиялық бақылау комиссиясының қарамағында қалады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *