Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және нығайту» атты тақырыпта форум өтті

Биылғы форумның тақырыбы «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және нығайту». Форумға мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері, дін өкілдері, облыстың қоғам өкілдері, аудандар бейнебайланыс арқылы қатысты.

 

  — Бұл ретте басшылардың алатын рөлі үлкен. Мемлекеттің тұрақты дамуы, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты және жүзеге асырылып жатқан реформалардың тиімділігі қоғамда азаматтық бірегейлікпен жауапкершілік сезімінің орнығуымен
тікелей байланысты. Біздің міндетіміз жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету, ашық диалогты қолдау және азаматтардың мүдделерін ескеру,- деді өңір басшысы.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқарады. Өңірде 87 ұлт өкілдері және 11 діни конфессия тұрады. Ассамблея түрлі этнос өкілдерін біріктіретін бірегей институт, бірлескен шығармашылық жұмыс алаңы болып табылады. Осындай диалог алаңдары әрі қарай азаматтар арасында өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға, мәдениетаралық ынтымақтастықты дамытуға және қоғамда бейбітшілік пен бірлікті берік қалыптастыруға септеседі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *