Жарияланған күні: 22.12.2025
Қаламыздың тумасы брейкингтен Әлем чемпионы атанды
Парижде өткен Олимпиада ойындарында жерлесіміз Әмір Закиров барша әлемге Петропавлдың Жұмысшы кентін танытқан болатын. Өкінішке қарай, бұл жарыста ол топ жармаса да, өзі туған-өскен жерін киіміндегі суреті арқылы көрсетті. Биыл брейкингтің хас шебері Дубай қаласында өткен WFADS нұсқасы бойынша Әлем чемпионатында ел намысын қорғады.

Беделді жарыста Әмір Закиров қарсыластарының алдын орап, Әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз Петропавл қаласында брейкинг қозғалысының негізін қалағандардың бірі, «Qyzyljar Creative Centre» серіктесі. Үнемі шеберлік сабақтарымен келіп, көптеген бишілер үшін үлгі болып жүр.

