Жарияланған күні: 23.12.2025
Петропавлдық Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» атағы үшін таласуда
Биыл «World Boxing» ұйымы «Жылдың үздік боксшысы» номинациясында мықтыны анықтауда. Дәстүрлі байқау әлеуметтік желіде өтіп жатыр. Еліміздің атынан Махмұд Сабырхан мен жерлесіміз Наталья Богдановаға қатысуда.
Қос спортшы да күзде өткен Әлем біріншілігінде топ жарған еді. Бұған қоса, екі спортшы да Астанада ұйымдастырылған Әлем кубогында жеңіске жетті. Енді әрқайсысы өз санаттарында, яғни ерлер мен әйелдер арасында үздік атану үшін таласуда.

Байқау әлеуметтік желіде, инстаграмда өтуде. Ең көп лайк жинаған спортшы өз номинациясында жеңімпаз атанудан дәмелі. Әзірге қазақстандық спортшылар көш басында. Әр солтүстікқазақстандық бұл бәйгеден тыс қалмай, өз таңдауын жасай алатынын алға тартамыз.

