Петропавлда сталкинг бойынша екінші іс қаралды
Биылдан бастап елімізде сталкинг бойынша істер қаралып, жаза қатаңдады. Петропавлда бұрынғы күйуінен жәбір көрген әйелдің ісі сотта қаралды. Оның шешімі бойынша күдікті кінәлі деп танылып, жазаға тартылды.
Сот ақпаратына сәйкес, қала тұрғыны Александр Р. азаматпен үш жыл тұрып, заңды түрде ажырасқан. Жұбайлардың ара қатынасы өшкенімен, келіншектің бұрынғы жары әйелдің соңынан қалмай қоқан-лоқы көрсеткен. Тіпті соңынан қалмай, үйі мен жұмысынан жанынан аңдып жүрген. Бұл айыптаулармен жәбірленуші сотқа жүгінді.
Тергеу деректеріне сәйкес, өткен жылдың қазан айынан 2026 жылдың қаңтарына дейін ер адам бұрынғы әйелін жүйелі түрде қудалаған. Ол әйелдің үйінің маңына келіп, терезелерді қағып, көлікпен сигнал беріп, туыстарымен жанжал шығарған. Осындай оқиғалардың бірі 2025 жылғы 5 қазанда болған. Ол жәбірленушінің әкесімен дөрекі түрде ұрысып, баласымен кездесуді талап еткен. Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі кейде оның жұмыс орнынан күтіп алып жүрген.
Сотта айыпталушы кінәсін тек ішінара мойындаған. Ол бұрынғы әйелін қудалаған жоқпын деп, кездесулер кездейсоқ болғанын алға тартты. Алайда сот бұл нұсқаға сын көзбен қарап, жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп бағалаған. Сонымен қатар бұған дейін де ер адамға қатысты қоқан-лоққы мен жанжалдарға байланысты қорғау нұсқамалары шығарылғаны анықталған.
Сот оның әрекетін заңсыз қудалау және ұрып-соғу баптары бойынша саралады. Нәтижесінде оған 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.


