Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Көрісу күні кең көлемде тойланды

Наурыздың 14-нен бастап ел көлемінде «Наурызнама» онкүндігі бастау алды. Петропавлда мерекенің алғашқы күнінде Көрісу күні аталып өтілді. 

Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамын тойлау жаңа форматта ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға және дәріптеуге бағытталуда.

Көрісу күні – үлкенге құрмет көрсетіп, ел бірлігін нығайтатын, адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты айшықтайтын ерекше күн. Дәстүр бойынша бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірінің үйіне барып, амандасып, «Бір жасыңмен!» деп ізгі тілектерін білдіреді. Бүгін мыңнан астам қала тұрғыны көшеге шығып, мерекені атап өтті.

Көктемнің басты мейрамы қарсаңында өңірде ондаған мәдени іс-шаралар мен түрлі акциялар өткізіліп жатыр. «Наурызнама» мерекелік онкүндігінің әр күні ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді және қоғамдық бірлікті насихаттауға арналмақ.

— Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, әр шаңыраққа тыныштық пен татулық тілеймін. Халқымыздың игі дәстүрлері баршамызды одан әрі жақындастырып, достықты, өзара құрмет пен бірлікті нығайта берсін,- деді облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *