Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдан 11 мың текше метр қар шығарылды

Облыс орталығы мен аудандарда су тасқынына дайындық аясында қар шығару, сондай-ақ су бұру арналары мен нөсер кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

СҚО ТЖД қызметінің хабарлауынша, бұл шаралар көктемгі қар еруі кезінде су басу қаупін азайтуға бағытталған.

Күн сайын Петропавл қаласында 11 мың текше метрден астам қар шығарылып жатыр. Жұмыстар басталғалы бері облыс бойынша 600 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қаланың су басу қаупі жоғары шағынаудандарына — Подгора, Береке, Копай жұмысшы кенті және Хромзавод аудандарына ерекше назар аударылып отыр. Қар шығару және аумақтарды тазарту жұмыстары күндіз де, түнде де жүргізіліп жатыр, -делінген хабарамада.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *