Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО референдум учаскелері таңғы 7:00-ле ашылды

СҚО-да жалпыұлттық референдум кезінде 581 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 98-і Петропавлда орналасқан, қалғандары аудандардағы елдімекендерде шоғырланған. 

Облыста таңғы 7:00-де ашылған референдум учаскелері ашылып, дүйім жұрт өз таңдауын жасауға аттанды. Тәң сәріден көбіне егде жастағы азаматтарды жиі көруге болды. Десе де, 18 жасқа жаңа ғана толып, саяси науқанға қатысу мүмкіндігін иеленгердер де болды.

Облыстағы учаскелерде референдумға бірінші және алғаш рет келгендерге сыйлықтар да қарастырылды. Көбіне дауыс берушілерге бас киім, блокном және қаламсап беріліп жатты. 

Облыстық референдум комиссиясының мәліметінше, өңірде 360 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. 150 мыңнан астам Петропавлда тұрғындары екенін атап өткен жөн.  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *