Полицияда қызмет ететін чемпиондар студенттермен жүздесті
Петропавл қаласындағы Kozybayev University қабырғасында болашақ заңгерлер, тарихшылар мен педагогтар әлем чемпиондарымен кездесті. Наталья Богданова — World Boxing 2025 нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Дарина Билденова Дубайда өткен халықаралық жарыста топ жарған Tomiris құрамасының мүшесі. Екеуі де — Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ЖҚАЖ қызметкерлері.

Екеуі де — Солтүстік Қазақстанда туып-өскен, туған өңірінде қалыптасқан мамандар. Спортшы қыздар жиналған аудиторияға полиция қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Ал СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы Руслан Тасимов сөзін нақты мәліметтермен толықтырып, полиция қызметкерлеріне қарастырылған әлеуметтік жеңілдіктер, мансаптық өсу мүмкіндіктері және жалақы деңгейі туралы ақпарат ұсынды.
Сондай-ақ 2025 жылдың қазан айында іске қосылған Qyzmet-Police.kz платформасы туралы бөлек айтылды: енді полиция қызметіне өтінімді онлайн түрде, кезексіз және артық құжатсыз беруге болады. «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту аясындағы мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жуырда Дарина Билденова Петропавл қаласындағы №17 Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде болып, оқушылармен, соның ішінде «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен кездесті. Наталья Богданова да жастармен жиі жұмыс істейді — қыздарға арналған бокс бойынша кездесулер мен шеберлік сабақтарын өткізеді.
Осындай кездесулердің басты мақсаты — спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау арқылы өңірдің ішкі істер органдары үшін мықты кадрлық резерв қалыптастыру.

