Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да МӘМС аясында оталар жасалуда

Петропавлдағы көпбейінді облыстық ауруханаға қарасты кардиологиялық орталықта ТМККК және МӘМС аясында жүрекке оталар жасалуда. Мәселен, 2025 жылдың ішінде аталмыш емдеу мекемесінде 3 жарым мыңнан астам операция жасалып, бұл мақсатқа 4 млрд. теңге жұмсалды. 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ СҚОФ-тың ұйымдастыруымен кардиологиялық орталық баспасөз туры өткізілді. Шара аясында БАҚ өкілдеріне емдеу мекемесінің жұмысы көрсетіліп, МӘМС жүйесі туралы толыққанды ақпарат берілді. 

Қор филиалының басшысы Айнагүл Давлетчинаның айтуынша, бүгіндері денсаулық сақтау саласына қомақты қаражат қарастырылған. Егер өткен жылы денсаулыщ ұйымдарына 74,6 млрд. теңге қарастырылса, биыл бұл сома 79,1 млрд. теңгені құрады. 

— Қорымыз 2025 жылы 52 денсаулық сақтау ұйымымен келісімшарт жасасты. Биыл олардың саны — 44. Емдеу мекемелері азайғанымен бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды. Көпбейінді облыстық ауруханаға былтыр 19,5 млрд. теңге бөлінді. Оның 4 млрд. теңгесі кардиологиялық бағыттағы оталарға қарастырылды. Нәтижесінде 3 жарым мыңнан астам жүрекке қажетті ота жасата алды, — дейді «ӘМСҚ» КеАҚ СҚОФ директоры. 

Сонымен қатар, филиал басшысы ауруларды алдын алу мақсатында скринингтердің маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, МӘМС аясында барлық скринингтер қолжетімді. Ең бастысы тұрғындарда сақтандырылған статусының болуы. 

Баспасөз туры барысында  журналистерге жүрекке жасалатын оталар туралы баян етілді. Мәселен, орталықта тұрғындарға 300 мыңнан 9 млн. теңгеге дейінгі операциялар жасатуға мүмкіндік бар. Басым бөлігі МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға қолжетімді.

Шара аясында журналистер ота залында дәрігерлердің жұмысы көрсетілді. Мұнда коронография әдісімен жасалып жатқан операция көрсетіліп, дәрігерлер оның құны 400 мың теңгені құрап отырғанын алға тартты. 

— Науқасымыздың қан тамырлары таза болып шықты. Бұл кісінің шағымы – ентігу. Мұндай жағдай тамырдың анатомиялық ерекшелігіне байланысты туындап отыр. Қысым көтерілгенде тамырлар қысып тұр, — дейді кардиолог Дәурен Қожабек. 

Сапалы медициналық көмек әр адамға қолжетімді болуы тиіс. Ол үшін тұрғындардың барлығы жүйеде “сақтандырылған” мәртебесіне ие болуы міндетті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *