СҚО-да ағын су көпірді шайып кетті
Су тасқыны жақындап келеді. Табиғи күштің салдарынан Ақжар ауданындағы жолдардың біріндегі көпірді ағын су шайып кетті.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл ор Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінде орналасқан «Ленинград-Айсары» аудандық маңызы бар автожолының 1-шақырымында бүгін таңертең таңғы сағат 9:00 шамасында пайда болды.
— Қардың күрт еруі салдарынан жиналған су деңгейі көтеріліп, жол жабынын шайып кету қаупі пайда болған. Салдарын азайту мақсатында жол төсемін арнайы бақылаумен ашу туралы шешім қабылдады. Бұл шара артық суды өткізу мақсатында қолға алынды. Кешкі сағат 19:00–дегі жағдай бойынша су деңгейі төмендеген. Қазіргі уақытта жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа 7 техника (2 тиегіш, 5 жүк көлігі) және 10 жұмысшы жұмылдырылған, — деді басқарма басшысы Ерден Шортыбаев.

