Жарияланған күні: 01.04.2026
СҚО-да Президенттің марапаттары табысталды
СҚО әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының атынан солтүстікқазақстандықтарға ордендер мен алғыс хаттар табысталды.
Шарада Мемлекет басшысының наградаларын облыс әкімі табыс етті. Ерекше құрметке ие болғандардың қатарында қоғам қайраткерлері, жұмысшы мамандық иелері, мемлекеттік қызметшілер және белсенді жастар бар.

— Жерлестеріміз Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумға белсене қатысып, демократиялық негіздерді нығайтуға, мемлекеттік институттарды жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдады. Бұл ел дамуы жолындағы маңызды қадам болды.
Бүгінгі марапат күнделікті еңбектің, іске адалдықтың және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын тағы бір мәрте айқындайды,- деді өңір басшысы.

