Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су тасқыны бақылауда

«Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы Сергеев және Петропавл су қоймаларын қоса алғанда, өңірдің су шаруашылығы объектілерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Ақпарат бойынша әр төрт сағат сайын су қоймаларындағы су көлемі мен су жіберу көрсеткіштері туралы мәліметтер өңделіп, мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Түмен облысы бойынша Төменгі Обь бассейндік су басқармасына жолданып отырады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Сергеев су қоймасындағы су көлемі 706,1 млн текше метр. Қазіргі уақытта нысаннан секундына 32,8 текше метр көлемінде су жіберіліп жатыр. Бөгет жотасы арқылы судың асуы 8 сантиметрді құрап отыр. Су тасқыны басталғалы бері су қоймасына 51 млн текше метр су келіп түскен, оның 9 млн текше метрі жіберілген.

— Сергеев су қоймасының толуы — жыл сайын қайталанатын табиғи үдеріс. Нысан су көлемі артқан жағдайда артық судың бөгет жотасы арқылы автоматты түрде асуына мүмкіндік беретіндей етіп жобаланған. Бұл су қоймасының өзіне де, маңындағы елді мекендерге де қауіп төндірмейді. Сонымен қатар мұндай су асуы күздің соңына дейін жалғасуы мүмкін. Облыстағы су тасқыны жағдайы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен басқа да жауапты органдардың тұрақты бақылауында, — деді «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Ержан Кусумбаев.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *