Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда электрсамокаттар мен велосипед жүргізушілері полицейлердің назарында

Петропавлда полицейлер электросамокат пен велосипед жүргізушілері арасында профилактикалық жұмысты күшейтті.

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Әсіресе көктемгі маусымның басталуымен бірге қозғалысқа қатысушылардың жаңа санаты — велосипедшілер мен электросамокат жүргізушілерінің саны артып, қауіпсіздік мәселесі өзекті бола түсуде.

Өткен жылы өңірде велосипед жүргізушілерінің қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 16 адам түрлі жарақат алған. Сонымен қатар электросамокат жүргізушілерінің кінәсінен тағы екі адам зардап шеккен. Бұл деректер аталған санаттағы қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін айқын көрсетеді. Осыған байланысты Петропавл қаласында алғашқы жылы күндерден бастап полиция қызметкерлері профилактикалық шараларды күшейтті.

Әкімшілік полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салуда. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, электросамокатты жолда тек 18 жастан бастап, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда басқаруға рұқсат етіледі. Сонымен қатар жүргізуші міндетті түрде шлем киіп, ал түнгі уақытта жарық қайтарғыш элементтерді қолдануы тиіс.

Ал велосипедшілерге 14 жастан бастап жол бойымен жүруге рұқсат берілгенімен, олар да жол қозғалысы ережелерін толық сақтауға міндетті. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, қозғалыс кезінде жолдың оң жақ жиегімен сағатына 25 шақырымнан аспайтын жылдамдықта жүру қажет. Ал тротуармен қозғалғанда жылдамдық 6 км/сағ-тан аспауы және жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеуі тиіс. Сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға, рульді ұстамай жүруге, қауіпті маневрлер жасауға, оның ішінде көп жолақты жолдарда солға немесе кері бұрылуға қатаң тыйым салынады.

Жаяу жүргіншілер өткелінен өтер кезде міндетті түрде көліктен түсу қажет — бұл талапты шағын көлік құралдарын пайдаланушылар жиі ескере бермейді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі қасақана емес, қарапайым мұқиятсыздық салдарынан орын алады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *