СҚО-ның Бірыңғай байланыс орталығына 3,5 млн қоңырау түсті
Солтүстік Қазақстан облысындағы 1414 Бірыңғай байланыс орталығы 5 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ол азаматтарға кеңес беретін үнегізгі цифрлық сервистердің біріне айналып, Қазақстан тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін айтарлықтай жеңілдетіп, ақпаратқа жылдам әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етті.
Байланыс орталығы өз жұмысын 2021 жылғы 1 сәуірде бастады. Іске қосылған сәттен бастап қызмет мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша халық үшін сенімді көмекші ретінде өзін танытып, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруда.

Өзінің бес жылдық қызметі ішінде орталық операторлары 3,5 миллион қоңырауды қабылдады. Ең сұранысқа ие мәселелердің қатарында ЭЦҚ беру және кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін рәсімдеу, сондай-ақ салық сомалары мен есептік көрсеткіштерді нақтылау сұрақтары бар.
— 1414 байланыс орталығы бүгінде жай ғана анықтамалық қызмет емес, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың толыққанды цифрлық арнасы. 3,5 миллион өтініш — бұл 3,5 миллион шешілген мәселе мен көрсетілген көмек. Күн сайын біздің операторлар орта есеппен 15 мыңға дейін қоңырауды өңдеп, азаматтардың орналасқан жеріне қарамастан — ел ішінде де, одан тыс жерлерде де — мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді, — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай.
Жұмыс жылдары ішінде байланыс орталығында кәсіби әрі ұйымшыл ұжым қалыптасты. Бүгінде мұнда 35 оператор жұмыс істейді, олар күн сайын Қазақстан тұрғындарына кеңес беріп, туындаған мәселелерді жедел шешуге көмектеседі.

