Жарияланған күні: 03.04.2026
СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында өңір тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй мәселелері және менталды ерекшелігі бар балаларға арналған бос уақытты ұйымдастыру бағытындағы өзекті мәселелерді көтерді.

Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті мемлекеттік органдарға көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.

