Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО пайдаланылмаған 87 жер учаскесі анықталды

СҚО прокуратурасы пайданылмай жатқан жерлерді анықтады. Жыл басынан бері өңірде ауданы 73 мың гектардан асатын 87 жер учаскесі белгілі болды.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 86 учаскенің тиісті деңгейде пайдаланылуын қамтамасыз етпеген.

— Петропавл қаласында Кодекс талаптарын бұзу арқылы кәсіпкерлік субъектісі ұзақ уақыт бойы коммерциялық қызметке арналған ауданы 12,5 га жер учаскесін пайдаланбаған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кадастрлық құны 362,9 млн теңге болатын, жалпы ауданы 4 447 гектар 7 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.

Қадағалау органы жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *