1414 нөмірі шағымдарды енді қабылдамайды
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ақпараты бойынша медициналық көмекке қатысты шағымдарды қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді 1414 нөмірі денсаулық сақтау саласына қатысты өтініштер қабылдамай, тек консультациялық функцияларды атқарады.

«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтардың жеке деректерін қорғау және дәрігерлік құпияны сақтау талаптарын орындау мақсатында 1414 байланыс орталығы арқылы медициналық көмек сапасына қатысты шағымдарды қабылдау функциясы алынып тасталды.
— Шағымдарды келесі қызметтер арқылы жолдау мүмкін: msqory.kz; Qoldau 24/7 қосымшасы. Медициналық көмек алу бойынша консультациялар 1414 арқылы бұрынғы тәртіпте жүргізіледі, — делінген жазбада.

