СҚО-да полициямен 40-тан астам қару тәркіленді
Облыста «Қару иесі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Акция аясында полицейлер 40-тан астам қаруды тәркіледі.
СҚО ПД мәліметінше, тәртіп сақшылары өңірдің 1500-ден астам мекенжайға кіріп соғып, қарудың барын тексерді. Осылайша, қайта тіркеу мерзімі өтіп кеткен бес қаруды анықтады. Сонымен қатар, сақтау қағидаларын бұзудың 21 дерегі тіркелді.
— Аңшылардың дені қару сақталатын темір жәшікте ақша, құжат пен басқа да құнды заттарды сақтайды. Бұған заң бойынша қатаң тыйым салынған. Одан қалды, қаруды қапталмаған және оқталған күйде қоюға болмайды. Бұл — өрескел қателік. Жазатайым оқиға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, мас күйде қарумен жүруге тыйым салынады, — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

