Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Полицейлер қалада адасқан қарт адамға көмектесті

Таңғы уақытта полиция жүргізушісі Евгений Сутюшев пен Горький көшелерінің қиылысында жатқан 70 жастағы ер адамды байқап, бұл туралы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына хабарлап, оған орнынан тұруға көмектесті.

ЖБО-дан оқиға туралы барлық патрульдік нарядтарға ақпарат берілді. Оқиға орнына ең жақын орналасқан патрульдік полиция батальоны взводының командирі Нұрлан Тұрғыновтың экипажы болды. Ол әріптесімен бірге келген соң, қарт кісіні өз қарауына алды.

Ер адам бағдарын жоғалтып, қайда тұратынын айта алмады. Полицейлер оның жеке басын және тұрғылықты мекенжайын анықтап, үйіне жеткізіп, туыстарына тапсырды.

Тәртіп сақшылары қарт адамдардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Адасып кетуі мүмкін азаматтардың қалтасына мекенжайы мен жақындарының байланыс деректері жазылған қағаз салған жөн.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *