Жарияланған күні: 10.04.2026
«Sensitive» театры «Ботай» этнопластикалық перформансын сахналады
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында «Sensitive» театры жаңа премьерасын көрерменге ұсынды. Спектакльді СҚО әкімі тамашалады.

Бұл — ботай мәдениетінің түп-тамыры сөзбен емес, дене қимылы, пластика және эмоция тілі арқылы ашылатын ерекше театрлық туынды. Қойылымда адам мен табиғаттың байланысы, адалдық, достық және қиындықтарды еңсеру сияқты маңызды адами құндылықтар көрініс тапты.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шығармашылық ұжымға жоғары кәсібилігі, шынайылығы және еңбегі үшін алғыс білдіріп, инклюзивті өнерді дамыту мен өңірдің мәдени ортасында алатын рөлін атап өтті.

