Жарияланған күні: 10.04.2026
СҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Қызылжар және Есіл аудандары мен Петропавл қаласының басшылары Сергеев су қоймасының аумағына аэровизуалды мониторинг жүргізді.

Сергеев су қоймасындағы бірінші толқынның шарықтау шегі 7 сәуірге сәйкес келді, су деңгейі 122 см-ге жетті. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп жатыр, бүгінгі көрсеткіш — 99 см.
Алдағы күндері бірінші толқын Есіл және Қызылжар аудандары, сондай-ақ Петропавл қаласы арқылы өтеді. Бүгін қалалық гидроторапта шандорларды толық ашу және нысанды транзиттік режимге көшіру жоспарлануда.

