Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы қоқыс полигоны 90% толды

Петропавл қаласында алдағы 2-3 жылда жаңадан полигон салынбаса, шаhар қоқыстың астында қалуы мүмкін. Себебі бүгінде қаладағы полигон 90 процентке толған, — деп хабарлайды тілшіміз.

Әрі онда экологиялық талаптар сақталмайды. Атап айтсақ қатты тұрмыстық қалдықтар тиісті деңгейде сұрыпталмайды. Оның үстіне өртену фактілері жиі тіркеледі. Сондықтан экологтар кәсіпорын иесіне талай мәрте ескерту жасап, айыппұл салған. Тіпті оның жұмысын тоқтатуға нұсқама берген. Айта -айта жауыр болған мәселе қоғамдық кеңесте талқыланды. Жауаптылардың айтуынша қазір жаңа полигонның техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.  Ол үшін бюджеттен қаржы бөлінді. 

«Қазіргі полигонның жанында арнайы жер учаскесі бар. Дәл осындай мәселе Қызылжар ауданында да өткір тұр. Сондықтан біз техникалық экономикалық негіздемені жасаған соң, әріптестермен бірлесіп   дұрыс шешім қабылдайтын боламыз», — деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Жалпы алдағы уақытта облыс аумағында 10 қоқыс полигонын салу жоспарланған. Бүгінде оның сегізінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.

 

«Облысымызда 450-ден астам осындай қоқыс үйінділерінің алаңы бар. 450-дің он бірі ғана экологиялық құжаттары рәсімделген. Осы қалдықтарды дұрыс тасымалдау, дұрыс сұрыптау жүргізбегені үшін жылдан жылға осындай жану фактілері жиі кездесіп отырады», — деді СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *