Ақжар ауданында әйел ер адамды пышақтады
Ақжар ауданының Восходское ауылында әйел адам ер азаматты асхана пышағымен өлтірді. Нәзік жанды мас күйінде ер адаммен сөзге келіспей арты қайғымен аяқталды.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, қайғылы оқиға 8 наурыз күні орын алды. Восходское ауылының тұрғыны ер адаммен жанжалдасты. Мас болған келіншек ұрыс барысында ер адамға ас үй пышағын кеуде тұсына сұғып алған. Салдарынан ер азамат жан тапсырды.
Қылмыстық іс Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Кісі өлімімен аяқталған іс алқабилердің қатысуымен қаралды. 2025 жылғы бірінші шілдеде соты әйелге қатысты үкімді шығарды. Айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді. Апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

