Қалада жекпе-жектен жарыс өтті
Петропавлда ұлттық спорт түрі жекпе-жек бойынша жарыстар өтті. Чемпион белбеуі үшін еліміздің солтүстік өңірінен барлығы 200-ден астам спортшы өзара бақ сынады.

Жекпе-жек — ұлттық спорт түрі. Стилі жағынан ол аралас жекпе-жекке ұқсас, дегенмен бір өзгешелігі бар екен. Ол — күрестегі айла-тәсілдерді қолдануңа рұқсат берілген. СҚЛ жекпе-жек федерациясының президенті Жалғас Тортуловтың айтуынша, мұндай турнирлер жастар арасында өңір намысын қорғайтын спортшылардың анықтауға септігін тигізбек.
— Жекпе-жекті біз өңірімізде дамытуымыз керек. Кейін республикалық деңгейде жеңіс үшін таласа аламыз. Мұндай жарыс өте қажет-ақ деп ойлаймын. Барша спортшыларға сәттілік тілеймін, — деді Жалғас Тортулов.
Турнирде өз күшін қыздар да сынап көрді. Жеңімпаздарға медальдар табысталса, бірінші орын иегері чемпиондық белбеуге ие болады.

