Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Ұстаздар күні аталып өтілді

Петропавлда Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір педагогтерін кәсіби мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбектері үшін алғысын білдірді.

— Бүгінде өңірдің білім беру саласында 16 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Бұл — әр буын өкілдерін біріктіретін үлкен кәсіби қауымдастық. Оларды мамандыққа адалдық, балалардың болашағына деген жауапкершілік және сапалы білім беруге деген ұмтылыс біріктіреді. Солтүстік Қазақстан мектебінің берік дәстүрлерінің бірі — ұрпақтар сабақтастығы. Өңірде ұстаздық жолды ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан педагогикалық әулеттер аз емес. Мұндай отбасыларда мамандыққа деген сүйіспеншілік, білім мен тәжірибе, ұстаздық жауапкершілік кейінгі буынға аманат болып беріледі,- деді өңір басшысы.

Өңірдің білім беру жүйесі жүйелі түрде дамып келеді. Білім беру инфрақұрылымы жаңартылып, заманауи технологиялар мен оқытудың жаңа тәсілдері енгізілуде, педагогтердің кәсіби дамуына қажетті жағдайлар жасалуда.Атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі оқушылардың жетістіктерінен де көрініс табуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық түлектердің жоғары нәтижелерін атап өтті. Өңір халықаралық деңгейде де лайықты көрсеткіштерге ие. PISA-2025 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің үздік үш өңірінің қатарына енді.

Мемлекет мұғалім мәртебесін арттыруға және педагогтердің еңбегін лайықты бағалауға ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын «Мәңгілік» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Михаил Лахтин алды.

Салтанатты іс-шара барысында өңірдің 46 педагогі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Кәсіби шеберлігімен, көп жылғы адал еңбегімен және жетістіктерімен Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланды.

Облыс әкімі педагогтерге мамандыққа адалдығы, жауапты еңбегі және өңірдің болашағына қосып жүрген үлесі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *