Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда антитеррористік оқу-жаттығулар өтті

«Қызылжар» халықаралық әуежайында «Әуежай-Антитеррор-2026» жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Оны Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы өткізді.

Оқу-жаттығуға 19 жедел топ жұмылдырылды. Бөлімшелер оқу-жаттығу сценарийі бойынша авиациялық инфрақұрылым нысанындағы терроризм актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады. Қатерге жедел ден қоюға, мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығу қорытындысы бөлімшелердің террористік қатерлерге ден қоюға дайындығы жоғары екенін көрсетті.

Оқу-жаттығудан кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қару-жарақ пен техника үлгілерімен танысты. Облыс әкімі терроризмге қарсы операцияларға тартылатын арнайы бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *