СҚО-да өлім-жітім деңгейі жоғарылады
Облыста 510,2 мың адам тұрып жатыр. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында өңірде 3 202 нәресте дүниеге келсе, 52% ұл бала, 48% — қыздар.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бала туудан Ақжар, Уәлиханов және Шал ақын аудандары алда келеді. Керісінше, М. Жұмабаев, Аққайың ауданы және Ғ. Мүсірепов атындағы аудан көш соңында келеді.
Өкінішсі, демографиялық ахуалға әсер етіп отырған негізгі мәселелердің бірі — өлім-жітім деңгейінің жоғарылығы. Биылғы тоғыз айда облыста 4 408 адам қайтыс болған.
Өлімнің негізгі себептерінің арасында қан айналымы жүйесі аурулары бірінші орында тұр. Олардың үлесі — 19%. Жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болғандардың үлесі 17% болса, тыныс алу органдары аурулары 15% үшінші орында тұр. Онкологиядан — 11%, ас қорыту органдарының ауруларынан 9,5% адам қайтыс болған.
Ал жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану салдарынан болған өлім жағдайларының үлесі — 6% болса, қалған 22% басқа себептерге тиесілі.
Отбасылық-демографиялық көрсеткіштерге келсек, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыста 2 194 неке тіркелген. Осы кезеңде 1 088 отбасының ажырасқаны белгілі болды.

