Аққайың ауданының жас медицина мамандарына көтермеақы берілді
СҚО-да ауылдық медициналық ұйымдарына жастарды тарту жұмыстары жалғасуда. Жақында Аққайың ауданында еңбек жолын ауылдан бастаған екі жас қызметкерге жалпы сомасы 1,5 млн теңге көлемінде көтермеақы берілді.
Аққайың ауданының тумасы Алмагүл Исина 1 млн теңге берілсе, 19 жастағы Виктория Клихке 500 млн теңге көлемінде біржолғы көтермеақы төленді.
Екі маманға сертификаттарды Аққайың аудандық ауруханасының директоры Ринат Улмесеков табыстады. Медициналық мекеме басшылығының мәліметінше, қаржылай ынталандыру шарасы шалғай ауылдардағы кадр мәселесін шешуге бағытталған. Өйткені ауылдық жерлерде медицина мамандарын тұрақты жұмыспен қамту және олардың ұзақ мерзім қызмет етуіне жағдай жасау маңызды.