Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да заңсыз аң аулаумен айналысқандар анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд өткізді. Ауылдардың біріне жақын маңдағы алқапта полицейлер үш адам мінген бүйір тіркемесі бар «Урал» мотоциклін байқады. Жүргізуші полицейлердің тексеру үшін тоқтау туралы талабына бағынбай, қашып кетпек болған. Алайда мотоцикл шұңқырға түсіп, қозғалтқышы өшіп қалған. Үш ер адам да жаяу қаша жөнелген.

Нәтижесінде үшеуі де ұсталды. «Урал» мотоциклінің тіркемесінен үш жас жабайы қабанның өлексесі, ал мотоцикл қалдырылған жерге жақын маңнан тіркелмеген 12 калибрлі «ИЖ-12» қос ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Заңсыз аң аулады деген күдікке ауданның 49 жастағы тұрғыны ілінді. Ол бұған дейін ауыл маңынан жабайы қабандар тобын байқап, сол жерге мылтықпен барып, үш жануарды атып алғанын түсіндірді. Өзінің айтуынша, ауылдастарын ауланған қабандарды тиеуге және тасымалдауға көмектесу үшін шақырған.

Келтірілген залалдың мөлшері анықталуда. Полицейлер заңсыз аң аулағаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан бастап 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады. «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы рейдтер тұрақты түрде өткізіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *