Солтүстікқазақстандық бойжеткен гір спортынан абсолютті Әлем чемпионы атанды
Латвияда гір көтеру спортынан Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Әлем чемпионы атанды.
Қызылжар ауданы Новоникольское ауылының тұрғыны, спортшы Анастасия Беседина кәсіпқой әйелдер арасында гір спортынан жарысқа қатысты. Ол Рига қаласында абсолютті әлем чемпионы атанды.
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жерлесіміздің жасы небары 15-те екен. Ол Геннадий Зенченко атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы болып табылады. Жарыста бойжеткен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтынан алқа тағынды.
Анастасия спорт шебері, әпкесі Валентина Бесединаны үлгі тұтып, екінші сыныпта гір спортымен айналыса бастаған. Бір жарым жылдық жаттығудан кейін өз жас тобындағы үздік спортшылардың қатарына қосылды.

