Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да артемия салына шаяндарын заңсыз аулаған ұсталды

Тайынша ауданындағы көлден 336 келіден астам артемия салина шаяндарын заңсыз аулаудың фактісі анықталды. Бұл қылмысқа Ақмола облысының екі тұрғыны барғаны белгілі болды.

Оқиға 2025 жылдың шілде айында болған. Екі ер адам алдын ала келісіп, Тайынша ауданындағы тұзды көлге көзге түспеу үшін түнде келген. Алайда заңсыз кәсіптері ұзаққа созылмады. Браконьерлерді оқиға орнында полиция қызметкерлері ұстады. Олардан заңсыз ауланған биоресурс және аулау құралдары тәркіленді.

Салдарынан мемлекетке 5 млн 952 мың теңге шығын келген. Сот барысында айыпталушылар кінәларын мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді. Сондай-ақ келтірілген шығынды толық өтеді. 

— Сот қылмыстың пайдакүнемдік сипатын, қылмыстың алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын және экологиялық залалдың ірі мөлшерін ескере отырып, нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп тапты, — деп хабарлады прокуратурадан.

СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты биыл қыркүйекте айыпталушыларды кінәлі деп таныды. Рақымшылық туралы заң ескеріліп, әрқайсысына бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *