Жарияланған күні: 14.11.2025
«Жас өркендегі» балабақша таза қазақ тілінде білім бермек
Петропавлдағы 49 балабақшаның тек төртеуі ғана толыққанды мемлекеттік тілде қызмет көрсетеді. Бұл өзекті мәселені көтерген журналистерге қала әкімі жауап берді.

Петропавлдаңы балабһбақшалардың төртеуі ғана мемлекеттік тілде қызмет көрсетсе, 19-ы — орыс тілінде, қалғандары — аралас режимде жұмыс істейді.
— Биыл біз Уәлиханов көшесінде жаңа балабақшаның құрылысы басталмақ. Мектепке дейінгі білім беру нысанын Қазақстан халқына қоры қаржыландырады. Бұл балабақша аралас болады. Ал Жас Өркен ауданындағы балабақша 100 пайыз қазақ тілінде жұмыс істейді. Мәселені шешу үшін облыстық білім басқармасымен бірлесіп әрекет етеміз, — деді Серік Мұхамедиев.

