Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жұмысшы кентінде көпқабатты үйлер салынып, ортақ жылыту жүйесі іске қосылады

Журналистермен өткен кездесуде қала әкімі Серік Мұхамедиев Жұмысшы кентін абаттандыру және жаңарту жұмыстары туралы баяндап берді. Шаһар басшысының айутынша, бұл аймақта жаңа қазандық орнатылып, көпқабатты үйлер тұрғызылады. 

Петропавлдың шеткер аймағында орналасқан Жұмысшы кенті алдағы уақытта жаңа кейіпке енбек. Ең алдымен орталықтандырылған жылыту жүйесі қосылмақшы. Кейін көпқабатты үйлер бой көтереді. Әрине бұл әзірге жоспар жүзінде екені мәлім. Десе де қала әкімі бұл жұмыстар алдағы уақытты басталатынын айтты. 

— Жұмысшы кентінде қазандық салсақ, міндетті түрде бұл аудан бірден дами бастайды. Кейін әлеуметтік маңыздағы нысандар салынады. Жоспар бойынша сол аумақта көпқабатты үйлер тұрғызу маңызды, — деді қала әкімі. 

Айта кету керек, темір жол жанындағы орналасқан көпқабатты үйлер жылыту жүйесіне қосылған. Дегенмен, тұрғындардың дені жер үйлерде тұрады. Олар баспаналарын пешпен жылытып отырады. 

Петропавлда 9 айдың ішінде 1436 бала дүниеге келді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *